19 қыркүйек
Astana Motors Haval көліктерінің өндірісін іске қосып, бағасын төмендетті

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Haval автокөліктері Қазақстандағы ресми дилерлік орталықтарда қолжетімді бола түсті. Бағаның төмендеуі Алматы қаласындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында жергілікті өндірістің іске қосылуымен мүмкін болды. Алғашқы партия көліктері дилерлерге жөнелтілді.
Haval автомобильдерінің жаңа бағалары:
- Jolion – бұрынғы баға 10 390 000 ₸, жаңа баға 9 690 000 ₸-ден басталады
- M6 – бұрынғы баға 9 490 000 ₸, жаңа баға 8 890 000 ₸-ден басталады
- H6 – бұрынғы баға 12 890 000 ₸, жаңа баға 12 390 000 ₸-ден басталады
- H5 – бұрынғы баға 18 090 000 ₸, жаңа баға 16 590 000 ₸-ден басталады
- H9 – бұрынғы баға 23 890 000 ₸, жаңа баға 22 890 000 ₸-ден басталады
Барлық модельдерге 5 жыл немесе 150 000 км жүгiру (қайсысы бұрын орындалуына орай) кепілдік беріледі.
Жаңа бағалар HAVAL ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде қолжетімді.
Сондай-ақ, барлық HAVAL ресми дилерлік орталықтарында тұтынушыларға деген Halyk Bank және ForteBank банктерімен бірлескен несиелеу бағдарламалары бойынша ыңғайлы сатып алу шарттары ұсынылады.
Өтінімді жіберу